Вторник , Сентябрь 25 2018
Главная / Культура / Әнім саған, Астана!

Әнім саған, Астана!

Елордамыз Астананың 20 жылдығы  және  Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында елімізде ауқымды іс-шаралар бастау алуда. Осы орайда ауданымызда да игі істер қолға алынуда. Аудандық «Юбилейный» Мәдениет үйінің өнерлі де талантты ұжымының ұйымдастыруымен ақпан айының басынан ауылдық округтерді аралап, жергілікті халыққа концерттік бағдарламаларын ұсынуда. Өнер саласында көрерменнің көзайымы болған  өнерпаздарды ауыл тұрғындары ыстық ықыласпен қарсы алып, қошеметке бөледі. Өнерпаздарын ерекше құрметке бөлеген Жангелді ауылының тұрғындары болды десек артық етпес. Көрермен залы лық толып, әрбір өнерпазды ыстық ықыласпен қарсы алып, концерт соңынан қимастықпен қоштасты.

-Бүгінгі күні бізге мереке сыйлап, Астанамыздың 20 жылдығы қарсаңында ауылымызға аранайы ат басын бұрып келіп отырған жергілікті өнер иелеріне деген алғысымыз зор. Еңбектері жемісті болып, өнерлері өрге жүзсін деген аналық тілегін Жангелді ауылының тұрғындарының атынан, зейнеткер Злиха Шаханова білдірді.

Бүгінде аудандық Мәдениет үйінің ұжымы Астанамыздың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында ауданымызда өтетін облыстық көркемөнерпаздар байқауына қызу дайындық үстінде.

Кейін концерттік бағдарлама басқа да ауылдық округтерде өз жалғасын табады, — дейді Мәдениет үйінің директоры Мәди Нұрмұхамбетов.

Қымбат Нағашыбай

О Редакция газеты

Читайте также

Готовь сани летом…

Я живу в деревне. Мы летом всегда готовимся к зиме. Недаром в народе говорят: «Готовь …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *