Четверг , Май 24 2018
Главная / Культура / Үздік жүргізушілікке бақ сынады

Үздік жүргізушілікке бақ сынады

Өткен аптада  облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен «Ең үздік жүргізуші-2018» байқауы ұйымдастырылып, оған іріктеуден өткен нағыз таланттар жолдама алды. Байқаудың мақсаты сахна төрінің сәні болып жүрген жүргізушілердің кәсіби шеберліктерін  арттырып, таланттарын ұштап,  білікті жүргізушілерді анықтау болып табылады.

Аталмыш байқауға ауданымыздың намысын қорғап, Көктерек ауылы мектебінің ұстазы Темірлан Үмбетов қатысып өз шеберлігін сынап қайтты.

Сайыс барысында бірнеше бөлімнің тапсырмаларынан тапжылмай өткен қатысушылар жеңіс тұғырынан көрінді.

Әділқазылардың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға диплом  және естелік сыйлықтар табыс етілді. Осы ретте біздің ауданымыздың өнерпазы Темірлан «Үздік тапқыр жүргізуші» номинациясы бойынша марапатталды. Арнайы жүлде құтты болғай.

Қымбат Нағашыбай

О Webtex PLC Kostanay

Читайте также

Ер-ел тірегі

Ел мен жердің қорғаны болған азаматтарымыздың  мерекесі Отан қорғаушылар күні аудан орталығында сән-салтанатымен аталып өтілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *