Вторник , Сентябрь 25 2018
Главная / Общество / Отбасы — бақыт мекені

Отбасы — бақыт мекені

Үй тұрғызып, бала тәрбиелеп, тал отырғызу  ер азаматтың үш парызы екенін жақсы білеміз. Ал, осы үш парызды орындап, көпке үлгілі отбасы бола білу нағыз еңбек пен шынайы махаббатты талап етеді. Ауданымыздың бетке ұстар әрі жас шаңырақтарының  бірегейі Тәжібаевтар отбасы. Шаяхмет пен Жәмилә бүгінде адал еңбектің арқасында өз арман-мақсаттарына қол жеткізіп отырған жандар. Балаларының тілеуін тілеп бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрып жатқан ата-аналары Сағындық ағамыз бен Нәзира апамыз да бақытты жандар.

Қара шаңырақтың иесі Шаяхмет мамандығы бойынша архитектор,  бүгінде мамандығы өмірлік кәдесіне жарап жатқан жайы бар. Аудан орталығынан отбасына арнап салған үйінің сызбасынан бастап, құрылыс жұмыстарын да өзі жүргізіп маңайына жеміс ағаштарын да отырғызған екен.  Еңбексүгіштігінің арқасында «Бизнес бастауы» бағдарламасы аясында білімін жтілдіріп, ірі қараның басын көбейту мақсатында несие алып, жеке кәсіпкер ретінде өз алдына ісін дөңгелентіп отыр. Амир және Замира есімді қос сәбидің анасы Жәмилә мамандығы бойынша аудандық балалар кітапханасының қызметкері. Отбасында ата-ененің жолын кеспеген инабатты келін.

Шаяхмет пен Жәмиләнің отбасы бірнеше мәрте «Ең үздік жас отбасы» номинациясы бойынша аудандық байқауға ұсынылып, үздіктердің қатарынан марапатталғанын да айта кеткен жөн болар.

Тәжібаевтар отбасы қашаннан досқа адал, көрші-көлеміне қамқор жандар. Отбасының бақыты мен бала  тәрбиесін қашаннан басты орынға қоятын жандардың қатарынан. Адал еңбектің арқасында тұрғызған шаңырақтарында тату-тәтті отбасы әрбір келген қонаққа да көңілдері ашық. Нәзира апамыздың он саусағынан өнер тамған жан екенін келіні Жәмилә мақтанышпен айтады. Асхана мен тігін тігуде  анамыздың қолы алтын, менің әлі де анамыздан үйренерім көп дейді.

Өзін өз отбасында бақытты сезінген жан ғана бұл өмірде бақытты деген қағиданы берік ұстанатын Тәжібаевтар отбасының бақытының сыры еңбек пен махаббатта.

Еңбекпен ауызбіршіліктің арқасында көпке үлгі болып отырған жас отау Шаяхмет пен Жәмиләнің отбасына біз тек қана ақ жол тілейміз!

 

Еңбек етсең ерінбей

Тұрсынай Мұхтарқызы Бүгінгі әңгімем Меңдіқара ауданының төл тумасы, жерлесіміз Айман Нұрғазина жайлы болмақ. Ол 1959 жылы Қаратал ауылында дүниеге келген. Туған ауылының мектебінен орта білім алып, мектепті аяқтай сала экономика саласын таңдап Қорған техникалық училищесіне оқуға түседі. Кейіннен Қостанай ауыл шаруашылық институтына оқуға түсіп, сырттай жоғары білім алады. Талай жыл экономика саласында тер төгіп, еңбек етеді. Алайда, Айман апайымыз кедергілерге тап болып, басынан біраз қиындықтарды өткереді. Дегенмен бұл қиындықтардың өткінші екенін түсініп, тіршіліктің қамымен аяққа тұруды көздейді. Басына қиындық түскен сәтте марқұм әкесі Шәкір атай қызына көмек қолын созып, қызына демеу болады. Әкесінің демеуі және қолдауы қанат бітіріп, Айман апай еңбек етуге білек сыбана кіріскен екен.

Осылайша 2004 жылы аудан орталығынан орын алған шағын «Кулинария» ашып, өз ісін бастайды.  Нәзік жанды әйел адамына бұл істі бастаудың өзі оңайға соқпағаны анық. Бар күш-жігерін жинап еңбек етуіне тура келді. Бұл істе де кедергілерге тап болады. Бірақ мойымай, еңбек сүйгіш қасиетінің арқасында бүгінгі шуақты күнге қол жеткізеді. Қазір жанына көмекшілерін алып, өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Жанында еңбек етіп жүрген көмекшілері басшыларына дән риза. Талай қиындықтарға сынбаған Айман апайдың әркез тұтынушыларына ұсынатын тоқаш, бәліш, түрлі пирогтары көптің көңілінен шығуда. Әрине, бұл шаруаның өзіндік қиындығы жетіп артылады. Бірақ жинаған тәжірбиесі мен нағыз еңбегінің арқасында кәсібінің-нәсібін көруде.

Қазіргі таңда еңбекқор Айман Шәкірқызы Степанов орта мектебінің асханасында да еңбек етуде. Тегін тамақпен қамтамасыз етілген балаларға арнап ас әзірлеп, балалардың алғысына бөленуде. Бұл жерде тек еңбек етіп қоймай, мейірлі ана жүрегімен шәкірттерге ерекше жылулық сыйлауда.

Түзде ер мінезді жан, отбасында сүйікті жар, аяулы ана. Отағасы Володя екеуі берекелі шаңырақтың астында өмір сүріп, Эльмира атты қыздарын тәрбиелеуде. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген нақыл сөзді ұстанған Айман апайымыз биылғы жылы зейнет жасына жеткен екен. Зейнет жасына шықса да еңбек етуді тоқтатпай, өзінің түрлі тағамдарымен жерлестерін қуантып, әліде талай қуанышқа жетермін деген тілегі бар.

Кымбат Нағашыбай

О Редакция газеты

Читайте также

Изменения в пенсионном законодательстве

1.Кто управляет пенсионными активами? В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан «О пенсионном обеспечении …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *