Вторник , Октябрь 16 2018
Главная / Политика / Маңызы зор басқосу

Маңызы зор басқосу

Ақпан айының 16 күні – Ахметқазы Шотаев атындағы Боровской орта мектебінде келелі кездесу өтті. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің философия кафедрасының профессоры, «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Жақып Қалқаман Хасенұлы және «Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» ММ-нің бас маманы Айгүл Олжабаева кездесуге арнайы келіп, халықпен жүздесті, мектеп өмірімен танысып, мектеп сыныптарын аралады. Тіл жанашыры Қалқаман Жақып кішкентай бүлдіршіндермен жақын танысып, жүрек жарды лебізін білдірді.

Басқосуда Қалқаман Хасенұлы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Елбасы мақаласының маңыздылығына тоқталып, оның ішінде латын әліпбиіне көшу еліміздің ертеңі үшін жасалып жатқан оң қадам екенін айтып өтті. Осы мақсатта жасалып жатқан істер мен жасалатын үлкен шаруаларға тоқталып, бүгінгі күн тәртібіндегі өзекті мәселе жайында әңгіме өрбітті. Халық алдында сөз алған Айгүл Олжабаева «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасы Жодауының мақсаты мен міндеттеріне тоқталып, аса құнды құжаттағы басты бағыттар жайлы айтып өтті. Оның ішінде «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты жетінші бағытқа тоқталып өзінің тура ой-пікірін білдірді.  Кездесуде қатысушылар тарапынан сөз сөйлеген,  орталық кітапхананың кітапханашысы Гүлмайра Ерсұлтанова Президентіміздің Жолдауы жайында өзінің жақсы ойын талқыға салса, Меңдіқара ауданының Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім Кеңесінің мүшесі Наталья Козлова дәстүрлі Жолдаудың маңызды қадамдарына тоқталып, орнықты түрде сөз сөйледі. Маңызы зор басқосуды Меңдіқара ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанат Тәженова қорытындылап, жиналған жұртшылыққа және кездесуге арнайы келген қонақтарға зор алғысын білдірді.

Тұрсынай Мұхтарқызы

О Редакция газеты

Читайте также

Работа района за первое полугодие 18 июля текущего года в районном акимате состоялась очередная сессия районного маслихата

В которой приняли участие аким района Ерлан Теменов, секретарь районного маслихата Кайрат Арыков, депутаты, руководители …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *