Воскресенье , Июнь 24 2018
Главная / Культура / Гранпри иегері-Ақжүніс!

Гранпри иегері-Ақжүніс!

Қымбат Нағашыбай

Ақпан айының 5 жұлдызы күні  Қостанай қаласында «Майра» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен «Жұлдыз болғың келсе» Республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер байқауы өткен болатын.

Аталмыш байқауда Жангелді орта мектебінен тұла бойы талантты оқушы Ақжүніс Жүрсін өз шығармашылығынан «Астана болашағым менің» атты өлеңін  қазылар алқасының алдында оқып,  қазылар алқасының төрайымы, ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі  Майра Ильясованың жоғары бағасын алды. Екінші айналымға өткен Ақжүніс көркемсөз номинациясы бойынша байқаудың бас жүлесі Гран приді иемденді. Сонымен қоса Ақжүніске мамыр айында  Алматы қаласында өтетін байқаудың  жолдамасы табыс етілді. Бұл Ақжүністің биылғы жылғы жетістіктерінің бірі ғана.

Жуырда Астана қаласында өткен бірінші халықаралық «Астан-өнерпаздар әлемі!» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы ән-би, күй байқауында өте шеберлікпен үздік өнер көрсеткен ол І орын жүлдегері атанып қайтты. Сондай-ақ, Қостанай қаласында өткен облыстық ғылыми жұмыстар жобасында ІІ орын иегері атанды. Ал, жыл басынан бері аудандық «Тәуелсіздікке тарту» атты шығармашылық сайысқа өз туындысын ұсынып ІІ орынды иемденсе,  «Астанаға-20 жыл» байқауында І орын  алып өлеңі облысқа ұсынылды.

Бала күннен шығармашылыққа жаны жақын Ақжүністің отбасы да нағыз өнер адамдары. Балаларына жастайынан өз қызығушылығы бойынша тәрбие беріп, бойындағы таланты мен талабының ұшталуына қолдау білдіріп, бала бойындағы дарындылық ұшқынын лаулата білген ата-анасының да еңбегі зор. Ата-ана үмітін ақтап әр сайыста оза шауып, жақсы нәтижеге қол жеткізіп келе жатқан жас талант иесі Ақжүніске алар асуын көп болсын, толағай табыстарға жете бер дегіміз келеді.

 

О Webtex PLC Kostanay

Читайте также

Праздник таланта, творчества и мастерства

19 июня в актовом зале Боровской  средней школы им. Г. Жумабаева состоялся форум талантливых детей …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *