Воскресенье , Июнь 24 2018
Главная / Общество / Жеңістерін Астанаға арнайды

Жеңістерін Астанаға арнайды

Білім және Ғылым министрлігі «Наз Ерке» халықаралық творчествалық бірлестігі «Жастар әлемі» халықаралық фонд бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында бірінші халықаралық «Астана өнерпаздар әлемі» атты балалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқауы өткен болатын. Оған әр облыстан алпысқа жуық бала ат салысыпты. Аталмыш бәйгеге Жангелді орта мектебі басшысының және ата-аналардың  қолдауымен білім ұясынан 7 оқушы әр-түрлі номинациялар бойынша бақ сынап, жүлдеменен оралды.

Оқушыларды ұстаз Ж.Қалиева мен С. Көбегенова бастап барған болатын.

Топтық бөлімде көркемсөзден алға шыққан Ж. Ғазиз, А. Жүрсін, Ж. Маратова, М. Тұрағалиевалар көркемсөздің көрігін қыздырып алаға шықты. Ән бәйгесінде «Қос бәйтерек» әнімен жүйрік шыққан А. Нұрышов болды. Сурет номинациясында кішкентай өнерпаз Д. Байкинаның «Астана» атты көркем суреті жақсы орынға бірден ұсынылды. Конкурсты ары қарай қолөнер байқауы жалғады. Бұл сайыста жас өнерпаз Ж.Ғазиз қолынан шыққан туындыларын ортаға салды. Ал, тоғыз құмалақ ойынында А.Жүнісов жетістікке жетті. Осынау тартысты додада топ жарған жеңімпаздар өз жеңістерін Астананың 20 жылдық тойын тарту етеміз дейді.

-Байқаудың үлкен-кішісі болмайды. Бұл байқауға қатысу үшін жол қаражатын көтеруде ата-аналардың еңбегі зор болды. Мақсат Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында балалардың өнерін үлкен сахналарға шығарып, жоғары деңгейде бағалау. Ел, жер көрсетіп өздері сынды басқа да таланттармен сайысқа түсіп, өз мүмкіншіліктерін сынау. Әрдайым бір ортада ғана емес балалардың қабілетін жоғары деңгейдегі сахнада шыңдау болып табылады. Өскелең ұрпақтың патриоттық жігерін, жалындаған шабытын арттырып, бұлақтың көзін ашу  арманым-дейді, ұстаз Ж. Қалиева.

Әр жеңімпаз мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарға ие болды.  Жетекші ұстаздар мен мектеп басшысына да Алғыс хаттар табыс етілді. Бұл Жангелді орта мектебінің алғашқы және соңғы жетістігі емес екеніне шүбә келтіре алмаймыз. Жеңіс құтты болсын!

Қымбат Нағашыбай

О Webtex PLC Kostanay

Читайте также

Защищают интересы нашего общества

Прошло  двадцать шесть лет с того дня, как  Верховный Совет РК принял закон «Об органах …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *