Воскресенье , Июнь 24 2018
Главная / Культура / Шәкірт жүрегіне жол тапқан

Шәкірт жүрегіне жол тапқан

Әр шәкірттің жүрегіне ерекше жылулық нұрын сепкен, ізденіс пен ізгілікті ұштастырып талай жыл еңбек жолын ұстаздыққа арнаған, табиғи таланты, білімі мен біліктілігінің арқасында өз ісінің маманы атанған – Алтыншаш Қарабайқызы Есетова.

Ол — Меңдіқара ауданының Қаражар ауылында туып-өскен. Қарапайым отбасынан шыққан Алтыншаш апайымыз туған ауылының сегіз жылдық мектебінен білім алып, кейіннен Қаратал орта мектебін тәмәмдаған. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ, қоғамдық өмірге белсене араласып, аудандық комсомол комитетінің мүшесі атанған. Мектептен түлеп ұшқан бойжеткен Рудный педагогикалық училищесіне  «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша оқуға түседі.  Ол жерде де өзін жақсы қырынан танытып, жоғары шәкіртақыға қол жеткізеді. Оқуын ойдағыдай аяқтағаннан кейін, 1986 жылдың тамыз айында жолдамамен туған ауданының Шиелі бастауыш  мектебіне жіберіледі. Дегенменде, еңбек жолын Боровской №2 орта мектебінде бастаған екен. Ал, 1991 жылы аудан орталығындағы алғаш ашылған қазақ мектебіне жұмысқа қабылданып,  өз қызметін жалғастырған. Кейіннен, ҚПИ-на оқуға түсіп, жоғары мамандықты алып шыққан. 1994-1996 жылдар аралығында Ғ.Жұмабаев атындағы орталау қазақ мектебінде мамандығымен қатар, мектеп директоры ісін атқарушы қызметінде болған. Осылайша ұстаздың еңбек жолы жалғасын тауып жатты, ұстаз кездескен кедергілерден сүрінбеді, шаршамады. Керісінше, талмай еңбек етуге тырысты. Бүгінгі күнде Боровской санаторлық мектеп-интернатында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді. Әр уақытта түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп, түрлі шаралардың жүргізушісі болып өз шеберлігін танытты.

Жас ұрпақтың рухани сәулеткері бола білген Алтыншаш апай өз ұжымында, туған жерінде өте абыройлы.Ол әр кез бойындағы ұлттық және адами құндылықты, парасаты мен ізгілікті қоршаған ортасына сыйлай алатын, көптің жанашыры бола білетін, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбайтын, адамның жанын түсіне алып, әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға тәрбиелейтін – нағыз маман, жүрегі кең жан.  Бойындағы осы асыл қасиеттерді шәкірттеріне сіңіріп, аянбай тер төгіп келеді. Ол тек жақсы маман емес, ардақты ана. Қос перзентін мәпелеп өсіріп, қос қарылғашына жақсы тәрбие берді. Жансая және Кәусар атты қыздары оқуда да, шығармашылықта да өздерін жақсы танытып, бой жетіп келеді. Аналарының қол қанаттарына айналып, жетістіктерімен қуантуда. Бұл Алтыншаш апайымыздың тағы да бір жеңісі, жемісі деп түсінемін.

Тұрсынай ДҮЙСЕМБАЕВА

О Webtex PLC Kostanay

Читайте также

Праздник таланта, творчества и мастерства

19 июня в актовом зале Боровской  средней школы им. Г. Жумабаева состоялся форум талантливых детей …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *