Вторник , Октябрь 16 2018
Главная / Uncategorized / Ел алғысына бөленген

Ел алғысына бөленген

Пошта тарату, межеленген уақытта зейнетақы, жәрдемақы тарату, баспасөзге жазылымын өткізу, халыққа қызмет жасау – пошта қызметкерлерінің атқаратын жұмысы. Аса мұқиятылықты, жауапкершілікті талап ететін қызметтің қыр-сырына әбден машықталған «Қазпошта» қызметкерлері өздерінің төл мерекелерін атап өтті. Бұл жерде білімді, білікті қызметкерлер жұмыс жасауда. Әрине, жұмыстары оңай емес. Халыққа қызмет етіп қана қоймай, халықтың көңілінен шығу – басты міндеттерінің бірі болып саналады. Осы салада жұмыс атқарып, Меңдіқара аудандық пошта бөлімінде участке бастығы лауазымында еңбек етіп, ұжымының, көпшіліктің алғысын алып жүрген – Нұргүл Жаукина. 2010 жылдан бастап, қиындығы мен қызығы мол салада еңбек атқарып келеді. Алғашқыда оператор болған Нұргүл Жаукина, қазіргі уақытта участке бастығы. Өте қарапайым, кішіпейіл. Осы мінезінің, талабының арқасында бүгінгі күні көптің ризашылығына бөленіп, мықты маман атанып отыр. Заман талабына сай техниканы жетік меңгеріп, жұмысын уақытылы орындап, әріптестеріне үлгі бола білді.

Нәзік жанды Нұргүл, отбасының берекесін келтіріп отырған – отанасы. Жолдасы Медет Жаукинмен шаңырақ көтеріп, екі перзент тәрбиелеуде. Әр қашан отбасын жоғары орынға қоятын Нұргүл, үлгілі келінде бола білді. Екінші анасына айналған енесінің сөзін екі етпей, қатты қадірлейді. Медет пен Нұргүлдің анларына деген алғысы шексіз. Өйткені, аналары олардың ақылшысы болса, балаларының қамқоршысы. Нұргүлдің бүгінгі жетістіктеріне себепші болғанда аналары.

Біз Нұргүлді, барша пошта қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтай отырып, әр күндеріңіз шаттыққа толы болсын дейміз.

О Редакция газеты

Читайте также

Астане — 20 лет

Решение о переносе столицы из Алматы в Акмолу было принято Верховным Советом Республики Казахстан 6 …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *