Вторник , Октябрь 16 2018
Главная / Uncategorized / Елеулі мереке қарсаңында…

Елеулі мереке қарсаңында…

Тіл–қандай ұлтта, елде болмасын қастерлі. Тіл — халықтың жаны, бүкіл халықтың игілігі. 22-қыркүйек Қазақстан Республикасының Халықтарының мерекесі. Осы елеулі мерекеге орай ауданымызда түрлі іс-шаралар, апталықтар өткізіліп жатыр.

Жуырда, «Тілдерді оқыту орталығында» аудандық «Абай оқулары» байқауы өтті. Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, сөз қорын насихаттау, Абай шығармаларын насихаттау, қазақтың тілі мен әдебиетіне, еліміздің бірлігін нығайту, Елбасының мақаласын қолдау мақсатында өткізілген шараға алты қатысушы қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Әділқазылар алқасы әділ баға беріп, жеңімпаздарды анықтады. 1-орын Боровской кәсіптік-техникалық колледжінің студенті Владимир Чупқа бұйырды. 2-орынды Ахметқазы Шотаев атындағы Боровской орта мектебінің мұғалімі Анастасия Филиппова алса, 3-орын  Первомай орта мектебінің мұғалімі Екатерина Коновалованың қанжығасына байланды.

Тіл мерекесінің қарсаңында Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберінің байқауы өтті. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, жандандыру мақсатында өткен шараға 18-35 жас аралығындағы қазақ ұлтының өкілдері қатысты. Ақын-жазушылардың шығармаларын, поэзия мен прозаны жатқа айтып, мәнерлеп оқуда ерекешелік танытқан қатысушылар керемет өнерлерін көрсетті. Бұл сайыста 1-орынды «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі Мөлдір Манатова алса, 2-орын Ахметқазы Шотаев атындағы Боровской орта мектебінің мұғалімі Наргиза Дюсенгуловаға бұйырды. Ал 3-орынды «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі Қарлығаш Есенкельдина еншіледі. Барлық қатысушылар сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

О Редакция газеты

Читайте также

Астане — 20 лет

Решение о переносе столицы из Алматы в Акмолу было принято Верховным Советом Республики Казахстан 6 …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *